8-наурыз халықаралық аналар күніне орай "Ақкөгершін" бөбекжай балабақшасында
"Өнегелі ана, өнерлі қыз" сайысы ұйымдастырылды
Мақсаты:
Балалардың ой - өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.
"Үлгілі ана, өнерлі қыз"
"Ардақты ана, сүйкімді қыз"
"Өнерлі ана, қылықты қыз"
"Ақылды ана, тартымды қыз" номинациясымен аналар мен қыздарымыз марапатталды.
Тобы: "Балдырған" ересек тобы
Тәрбиеші: Г. Жолжанова