1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»
Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
№18"Ақкөгершін "бөбекжай балабақшасында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай" Алақай, жайдарлы жаз келді", "Қош бол, балабақша" атты ертеңгілігі ұйымдастырылды.
Іс шараны ауылдық округ әкімі Ақылбек ағай мен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанұзақ ағай құттықтау тілегін айтып ашып, балалардың мерекесіне арнап дамытушы ойыншықтар тарту етті.
Сонымен қатар, ауылдық амбулаториялық емхана ұжымы да, бүлдіршіндердің мерекесіне орай, балабақша тәрбиеленушілеріне тәттілер тарту етті.
Балабақша ұжымының атынан Сіздерге алғыс білдіреміз.
Ертеңгілік соңында Балабақша меңгерушісі және балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналары да балаларды мерекемен құттықтап, марапаттарын табыс етті.